Главная » 2023 » Апрель » 20

    Жарақаттар саңырауқұлақтардың тіндерге өтуіне ену қақпасы болып табылады, бұл әрине жергілікті қорғаныш реакцияларын төмендетеді.


    Вегетативті жүйке жүйесінің бұзылысынан болатын тершеңдік әсерінен – тері қатпарларында, табанда микоздар дамиды.

    Ауыр жұмыстар негізінде кейбір микоздарға кәсіби қабылдаушылық: мысалы, ұнмен айналысатындарда, микологиялық зертхана қызметерлерінде, антибиотиктер өндірісінде, саңырауқұлақтар спорасымен дем алғанда – зеңді микоздар дамиды.

    Микоздар кезінде адам организмі саңырауқұлақтар антигендеріне ЖСБТ түрінде сезімталдық болады.

    Жұқпалы немесе гематологиялық аурулар негізінде дамыған иммунды тапшылықтар, ісікті процестер, интоксикациялар.

 

    Антибиотиктер, сульфаниламидтер және басқа препараттарды көптеп қолданғанда – бұл дисбактериозға әкеп соқтырады, созылмалы аурулары болса тамақ тәртібі бұзылады.

    Гипо- және авитаминоздар, витаминді баланстың бұзылуы – көптеген микоздар кезінде болады.

    Кейбір микоздарға жасқа байланысты қабылдаушылық (мектепке дейін және мектеп жасында – дерматофиттер, жаңа туылған сәбилерде - кандидоз);

    Зат алмасу мен эндокринді жүйе қызметінің бұзылуы (гипо- және диспротеинемия, гипергликемия, дұрыс емес тамақтану, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулар, қалқанша безі мен жыныс бездері, бүйрек үсті безінің қызметтерінің бұзылуы);
    Ірімшік, сыр, шарап өндірісінде;

    Өнімдер, дәрілер биотехнологиясында; ... Читать дальше »

Просмотров: 104 | Добавил: space | Дата: 20.04.2023